Атырау, 27 қараша 04:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бүкіл табыс - сорғыларға

1 467 просмотра

«Мирный» КСС-да сорғыларды ауыстыру жұмыстары«Мирный» КСС-да сорғыларды ауыстыру жұмыстары21 мамырда өткен баспасөз конференциясында «АтырауСуАрнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ биылғы жылы басталған кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Энергия үнемдейтін технологияны енгізуден түскен үнем жеткізілген жабдықтардың шығынын өтеп қана қоймай, үш жыл ішінде 3-5 млрд теңгеге дейін қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады А.Ташлыков. Оның айтуынша, 2014 жылы АСА 727,7 млн теңге мөлшерінде табыс алады. Ол келесі баптар бойынша бөлінген: 91 су құбыры сорғысын ауыстыру – 526,9 млн теңге, кәріздік 50 сорғыны ауыстыру – 148,7 млн теңге, жалпы ұзындығы 5,8 шақырым болатын су құбыры мен кәріз жүйесін күрделі жөндеу – 52,1 млн теңге.

Бүкіл көтеру-сорғы стансаларында (КСС) Grundfos сорғылы жиынтықты қысым көтеру стансалары, қызып кетуден қорғау жүйесі, кернеу іркілісін бақылаушы және т.б. орнатылатын болады. Бұл бізге электр энергиясын тұтынуды 30-50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді А.Ташлыков. –№15 КСС-ты мысалға келтірейін: қайта жарақталғанға дейін станса айына 11 мың киловатт, ал кейін – 4,5 мың киловатт тұтынды.

Бұдан басқа, А.Ташлыковтың айтуынша, КСС жұмысына сенімділік артуда. Бұрын, егер сорғының бір фазасы ажыратылып қалса, ол істен шығып қалатын, ал енді қорғаныс жүйесі іске қосылады. Су тұтыну азайған уақыттарда, қысымды төмендететін жиілік түрлендіргіш іске қосылып, электр энергиясын тұтыну шығыны азаяды. Тұрғындар суды тұтынуды көбейткен кезде, қысым автоматты түрде көтеріледі.

Бүгінде қаладағы сорғылар 12 КСС-қа ауыстырылған. Жабдықтарды ауыстыру жұмыстары тұрғындарға қолайсыздық туғызбас үшін түнгі уақытта жүргізіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

23 мамыр 2014, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.