Атырау, 27 қараша 04:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзендегі өлім

2 240 просмотра

22 мамырда Атырауда Еркінқала поселкесінің бірнеше тұрғынының өзендегі кешкі серуені қайғылы жағдайға ұласты.

Жайық өзенінде ММС поселкесінің маңында жеті ер адам мінген моторлы қайықтың аударылып қалғандығы туралы хабарлама ТЖД-нің кезекші пультіне сағат 18.15-те келіп түскен. Оның алтауы жағаға шығып үлгерген, ал жетіншісі, 29 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін сүңгуірлер бүгін таңертең тапты.

Облыстық судан құтқару қызметінің қызметкері Берікқали АЙДАРОВТЫҢ айтуынша, осы оқиға болған жер «жаман жер» атанып кеткен екен. Бұл жерде өзен екі тармаққа бөлінеді, судың ағысы өте күшті. Жақында ғана, 16 мамырда осы жерлерде 14 жастағы екі бала суға кеткен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 мамыр 2014, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.