Биылғы жылдың наурызынан бастап, АМӨЗ ауылшаруашылығына арналған дизель отынына арнайы бояғыш қосатын болады. Солярканың өзінің реңі - ашық-сарғыш түсті болады, енді ол қызыл түске айналды.
АМӨЗ мақсаттық пайдалануды бақылау үшін және жанар-жағармай бекеттерінде сату фактілерін болдырмас үшін, «ҚазМұнайГаз - Өңдеу және Маркетинг» АҚ-ның хаттамалық шешіміне сәйкес, жеңілдік баға бойынша шаруаларға арналған солярканы бояуға кіріскенін хабарлады.
Зауыттағылар солярканы бояу шығындарын кәсіпорынның өз мойнына алғанын, шаруалардың оны бір литрін 81 теңге бағамен алатынын атап өтті. Зауыт мамандары Dyeguarg Red Ck бояуын қосу шығарылатын отын сапасына әсер етпейді деп растап отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ