Еріктілердің арқасында есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған интернаттың спорт залының қабырғасы түрлі түсті суреттерге толы.
-Біздің балаларымызестімей-ді, сондықтан қоршаған ортаның визуалды суреттері олар үшін өте маңызды, - дейді интернат директорының орынбасары Бибігүл ҒАЛИЕВА.
Көп уақыт бойы балалар типтік ғимаратта тұрып келді, ал екі жыл бұрын Химпоселоктағы девиантты балаларға арналған интернаттың бұрынғы орнына көшті. Онда балаларға ыңғайлы. Тек қабырға-лардың сұрықсыз еді. Балалардың көпшілігі сурет салғанды ұнатады және екінші қатар қабырғасына өз еңбектерін іліп қойған. Ал, спорт залды қалай көркемдеуді білмей жүр еді.
Балаларға «Ынтымақ» ұйымы-ның еріктілері көмекке келді. Алдымен қабырғаға суреттердің сызбасын салу керек болды. Әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған шақыртуға 20 адам - кәсіби суретшілер, АМУ-дің көркем сурет факультетінің студенттері ықылас білдірді. Ал, қабырғаларды сырлауға еріктілер, шетелдік компаниялар қызметкерлері, студенттер, техникалық гимназияның жоғары сынып оқушыларынан 50 адам жиналды.
Мәселен, дизайнер Гүлден МҰСАЕВА жарнама агенттігінде жасайды. Акцияға қатысу, оның айтуынша, балаларға көмектесуге, сондай-ақ, кезінде оқыған білім-дағдыларын еске түсіруге мүмкіндік берген. Ал, №1 интернаттың түлегі Ғалия ЛҰҚПАНОВА көмексіз қалай қиын болатынын бала күнінен біледі, сондықтан қазір ол «Жүректен жүрекке» ұйымының еріктілері қатарына қосылды.
ТШО қызметкерлерінің одағы барлық қажетті материалдарды жеткізіп берді: қылқаламдар мен қолғаптар, 400 құты бояу мен акриль эмалі. Тез кебетін және иісі шықпайтын арнайы бояулар таңдалды. Интернатта тұрып жатқан балалар да белсенділік танытты. Олардың жұмысқа беріліп кеткендері соншалық, түскі асқа барғылары келмеді. Тамақтанып алғаннан кейін залға қарай кері жүгірді. Балалар қабырғаны ғана емес, жейделерін де бояп алды. Жетінші сынып оқушысы Кенжебек СЕРІК өте қозғалғыш бала, ол интернат ұйымдастырған барлық шараға белсене араласады. Сурет салу мен спортты, әсіресе, футболды қатты ұнатады. Мен одан «қай сурет ұнады?» деп сұрағанымда, мәреге келген жүйрікті көрсетті. Жеңісті бағындыру қуаныш қой.
Еріктілер тек спорт зал қабырғаларымен шектелмек емес, олар интернаттың басқа да қабырғаларын сырлауды жоспарлауда. Сонымен қатар, мұнда бетоннан жасалған дуал да жөндеуді қажет етеді екен. Еріктілер шағын жоба жасап, қаржыландыруға ниет білдірушілер болса, дайын сметаны көрсетуге дайын.
Зульфия ИСКАЛИЕВА