Атырау, 27 қараша 04:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сүйіндіктегі дүлей жел

2 273 просмотра

18 мамырда Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шегушілер жоқ. 

Атырау облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, қатты желдің әсерінен (секундына 18 метр) Мәдениет үйінің (1975 жылы салынған, ауданы 1000 шаршы метр), орта мектептің (1984 жылы салынған, ауданы 370 шаршы метр), балабақшаның (1973 жылы салынған, ауданы 112 шаршы метр) және медициналық бекеттің (1977 ж.с., ауданы 31 шаршы метр) шатырлары жұлынып кетті.

Бұл күні Атырауда жел екпіні 14 м/с болды, қираған еш нәрсе жоқ. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.