Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаменті 2013 жылдың және 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындыларын жариялады.
Өткен жылы департамент медиктердің әрекетіне қатысты 91 шағымды тексерді.
– Олардың ішінде 28-і негізді болып шықты, қалғандары сараптама нәтижесінде расталмады, - дейді Атырау облыстық МФҚБКД басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ. - 2014 жылдың бірінші тоқсанында бізге 26 шағым түсті. Көбі - облыстық ауруханаға қойылған талаптар.
– Бірақ бұл облыстық аурухана ең нашар мекеме дегенді білдірмейді. Бұл - өңірдегі ең ірі меди-циналық мекеме, - деп түсіндірді МФҚБКД бөлім бастығы Айгүл ЕСЕНАЛИЕВА. - Бұл тізімде Жылыой ауданының орталық аудандық ауруханасы екінші орында, Құрманғазы аудандық ауруханасы үшінші орында тұр.
Пациенттердің наразылығы, негізінен, медиктердің кәсіби біліктілігіне қатысты туындап отыр. Әрі қарай қызмет көрсету сапасына: дөрекілікке және селқостыққа қатысты талаптар қойылған.
2013 жылы Атырау облысында бала өлімінің 162 фактісі мен төрт ана өлімі тіркелген.
– Өліммен аяқталған әрбір оқиғадан кейін сараптама тағайындалып, тәуелсіз мамандар тартылған тексерулер жүргізілді. Бала өлімінің 78 пайызы шарасыздықтан, 6 пайызы – шартты шарасыздықтан болған, 16 пайызы алдын алуға болатын жағдайлар екені анықталды. Ана өліміне келер болсақ, тек төрт жағдайдың біреуі дәрігерлердің кінәсінен болған. Қазіргі уақытта бұл іс тергелуде.
Бұдан басқа, 2013 жылы облыс-тық денсаулық сақтау жүйесінде 52 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Олар бойынша жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам сомада айыппұл салынды. 2014 жылдың бірінші тоқсанында 30 заң бұзушылық анықталып, 1,5 млн теңге айыппұл салынды.
Анастасия ПАСТУХОВА