Аудан әкімдігінің аппарат басшысы Н. К. аудан әкімдігі бөлімінің жүргізушісін балағаттап, ар-намысына тіл тигізгені үшін әкімшілік жазаға тартылды.
Шенеунік жүргізушіні қоғамдық орында тілдеген. Махамбет ауданының прокуратурасынан бізге хабарлағандай, 28 жастағы жүргізуші құқыққорғау органдарына өзінің ар-намысын қорғау туралы арыз жазған.
Махамбет аудандық соты сәуірде аппарат басшысын кінәлі деп тауып, ҚР ӘҚБтК-ның330-бабы, 1-бөлігімен айыпталған мемлекеттік қызметкерге 10 айлық есептік көрсеткіш (18 520 теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулысын шығарды.
Мемлекеттік қызметкер бұған келіспей, Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасына шағымданған. Алайда, 15 мамырда өткен апелляциялық алқа отырысы қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА