Облыстық прокуратурада үйлестіру кеңесінің отырысыболып өтті. Онда 2013-2017 жылдары діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы»мәселе қарастырылды.
Мәслихатшылардың пікірінше, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық-насихат тобының жұмыстары өңірдегі ахуалға жақсы әсерін тигізген. Атап айтқанда, статистиканы мысалға келтірді. Биылғы жыл басынан бері Атырау облысында ҚР ҚК-нің 233-2-бабы («Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу») бойынша бір қылмыстық іс және 233-3-бабы («Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу») бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылдың осы мерзімінде «экстремистік» баптар бойынша сегіз іс қозғалған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ