Атырау, 3 мамыр 19:11
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Өткен ғасырдың қашқыны

3 381 просмотра

Бұл адамның суреті 22 жыл бойына «Оларды милиция (полиция) іздестіруде» тақтасында ілініп тұрды. 1992 жылдың мамырында Атырауда Амангелді ОРЫНҒАЛИЕВ 25 жастағы бөтелкелесін пышақтап өлтіріп, қылмыс болған жерден ғайып болған.

1992 жылы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған 60 жастағы қашқынды Атырау облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Шымкентте 18 мамырда ұстаған, ал 20 мамырда ол Атырауда мойындау жауабын берді.

Орынғалиев қылмыс жасағаннан кейін іле-шала қашып кеткенін, есін жимастан мас күйінде ақшасыз және құжатсыз тауарлық пойыздан бір-ақ шыққанын мойындады. Ташкентте есін жиыпты, көп кешікпей сол жерден Шымкентке жеткен. Түрлі жұмыстар жасап, табыс тапқан. Ал қамауға алған кезде автосервисте слесарь болып жұмыс жасап жүрген екен.

22 жыл бұрын қылмыс болған жерге тергеу жедел тобының құрамында жедел өкілетті лейтенант Нұрхат ОРАЗБАЕВ барған екен. Сол кезде олар ақыры кездеспеді. Қазіргі облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Оразбаевтың осы қылмыстық іске жанамалай қатысы болғанымен ол ұсталған азаматпен кездесуге асықты:

Өзгеше оқиға. Қызмет еткен 23 жыл ішіндегі бұл осындай алғашқы жағдай, - деп мойындады Н.Оразбаев.– Жасырмаймын, мен онымен сөйлескім келді: қалай кетіп қалды, осы жылдар бойына қалай жасырынып жүрді, біз қай жерден қателестік... Орынғалиев кісі өлтірген бойда қашып кетіп, бұрынғы байланыстарының бәрін үзді, төрт баласы мен әйелін тастап кетті. Сондықтан да оны табу қиынға түсті. Бүгінде өзі мойындап отырғандай, тіпті балаларымен де көріспепті, олармен бірде-бір рет хабарласпаған. Туыстарының ешқайсысымен байланысқа шықпаған. Жаңа өмірінде ол өзін айналасындағыларға балалар үйінде өскен жалғызбасты адам ретінде таныстырған.

Көп жылдар бойы қашып жүрген бұл қашқын - өткен ғасырдан бері іздеуде жүргендер тізімінде қалған жалғыз қылмыскер. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, облыс бойынша өткен жылдарда іздеу жарияланған тұлғаларды қосқанда, жыл басынан бері 119 адамға іздеу жарияланған. Бүгінде олардың 55-сі табылыпты.

Орынғалиевтың тағдырын сот шешеді, оқиғаға көп уақыт өтуіне байланысты оның қылмыстық жауапкершіліктен сот залында босатылуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексіне сәйкес, кей жағдайларда аса ауыр қылмыс үшін ескіру мерзімі 20 жыл өткеннен кейін басталады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

21 мамыр 2014, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.