Көрнекі сурет.18 мамырда Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Атырау облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, қатты желдің әсерінен (секундына 18 метр) Мәдениет үйінің (1975 жылы салынған, ауданы 1000 шаршы метр), орта мектептің (1984 жылы салынған, ауданы 370 шармы метр), балабақшаның (1973 жылы салынған, ауданы 112 шаршы метр) және медициналық бекеттің (1977 ж.с., ауданы 31 шаршы метр) шатырларын жұлып кетті.
Бұл күні Атырауда жел екпіні 14 м/с болды, қираған еш нәрсе жоқ.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА