"Магнитскі тізімінде" Игорь Алисов, Александра Гаус, Вячеслав Хлебников, Дмитрий Клюев, Дмитрий Кратов, Андрей Кречетов, Лариса Литвинова, Виктор Маркелов, Владлен Степанов, Умар Шугаипов, Фикрет Тагиев и Муса Вахаев бар.
Естеріңізге ала кетсек, АҚШ 2012 жылдың соңында Магнитск заңын қабылдаған болатын. Аталмыш заң 2009 жылы мәскеулік тергеу изоляторында қайтыс болған Hermitage Capital қорының аудиторы Сергей Магнитскийдің құрметіне соның атымен аталған. Заң, американдық конгрессмендердің пайымдауынша, адам құқығын бұзуға қатысы бар деген ресейлік азаматтарға қатысты визалық және экономикалық санкция енгізуді қарастырады.
Магнитскийдің өлімі қоғамда үлкен шу тудырған болатын. Аталмыш іске қатысты Ресейдің ЖАФҚ-нің аймақтық басқармалары және орталық аппараттының бірқатар басшылары орындарынан босатылған еді.
Дереккөз: tengrinews.kz