Атырау, 27 қараша 04:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бекірелерді уылдырық шашпай тұрып құртқан ба?

2 552 просмотра

19 мамырда «Бекіре-2014» операциясын өткізу бойынша штабтың кезекті отырысында Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВ 14 мамырдан бері Қазақ балық шаруашылығы институты жүзеге асырып жатқан Жайықта ғылыми мақсатта балық аулау еш нәтиже бермегенін хабарлады. 

Индер ауданында жұмыс жасап жатқан ихтиологтардың ауларына бірде-бір бекіре тұқымдас балық түспеген.Н. Жүнісовтың айтуынша, бұл қызыл балықтың 14 мамырға дейін уылдырық шашып кеткенін білдіреді. Мұның нәтижесін маусымда шабақтардың өзеннің жоғары жағынан Каспий теңізіне қарай жөңкілуінен көре аламыз. Ал кейбір мамандардың пікірінше, Жайықтың жоғары жағына уылдырық шашуға кірген балықтардың барлығын түрлі «қолдаушылар» арқылы балық аулап жүрген браконьерлер құртқан.   

Бұдан кейін көрсеткіш сандарға толы Жайық-Каспий бассейні облысаралық балық шаруашылық инспекциясының басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВТІҢ баяндамасы оқылды. Атап айтсақ, ол операция басталғаннан бері 834 табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуы анықталғаны, 621 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 88 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеді. Заң бұзушылардан 26 тонна балық тәркіленді. Оның ішінде 843 келі бекіре тұқымдас балық, 14,8 келі қара уылдырық бар. Шабақ өсіру үшін зауыттарға 140 бекіре тұқымдас балықтар тапсырылды: 8 қортпа, 9 бекіре және 123 шоқыр. 

«Бекiре-2014»акциясы 31 мамырға дейін созылады.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 мамыр 2014, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.