Атырау, 24 қараша 12:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Медведев: Ресей Украинаның тұтастығына кепіл бола алмайды

1 611 просмотра
Дмитрий Медведев. Фото: РИА НовостиДмитрий Медведев. Фото: РИА Новости"Ресей Украинаның территориялық тұтастығына кепілдік бермейді және бере алмайды, себебі мұндай жауапкершілікті ешқашан мойнына жүктеген емес" деп мәлімдеді Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев.

Оның айтуынша, Ресейдің басты міндеті - Украина аумағындағы жағдайды тыныштандыру. Ол Ресей Украинаның бір бөлігін өзіне қосып алғысы бар деген жорамалдарды жоққа шығарды. Ал Украинадағы жағдайды Қырыммен салыстыруды "орынсыз" деп атады.

1994 жылы Украинаның ядролық қарудан ада ел мәртебесі туралы Будапешт меморандумына сәйкес, АҚШ, Ресей және Ұлыбритания Украинаның қауіпсіздігі мен егемендігінің сақталуына кепілдік беруге міндеттеме алған.

25 мамыр күні өтетін Украинадағы президент сайлауы туралы айтқан Медведев Ресейдің "сайлау нәтижелерін мойындамауы мүмкін" екенін ескертті. Премьер президент сайлауы тиісті деңгейде өтетініне және оның нәтижелері Украина азаматтарының басым көпшілігінің қалау еркін білдіретініне "сенімсіз" екенін айтты.

Медведевтің пікірінше, бұл сайлау "биліктің конституцияға қайшы жолмен ауысуының" нәтижесі болып саналады. Бірақ сайлау "қалыптасқан жағдайлардың шешімін табатын тұсы болады" және Украинаның "барлық аймақтарының қолдауына ие кандидаттың сайланғаны жөн болар еді" деген Медведев сұхбатында.
 
Дереккөз: azattyq.org
20 мамыр 2014, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.