Атырау, 24 қараша 12:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Обаманы өлтірмек болған тағы бір америкалыққа сот үкімі шықты

1 304 просмотра
Кеше АҚШ соты елдің сенаторлары мен Барак Обамаға улы хат жолдаған Джеймс Эверетт Датчкені 25 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс. 

Датчке қаңтар айында болған сот отырысында осынау хаттарын кері қайтарып алмайтындығын және өз кінәсін мойындамайтындығын мәлімдеген болатын. Осы жайтты ескере отырып, судья Шэрион Эйкок кеше аталған іске қатысты соңғы нүктені қойды. Дегенмен, айыпты өткен аптаның сейсенбісінде өз кінәсін мойындап, хатқа рицин уын пайдаланғанын растаған еді. Тіпті, құқық қорғаушылар оны кешірсе, жолдаған сәлемдемені қайта кері қайтарып алмақ та болған.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың сәуір айында белгісіз біреу Барак Обама мен сенаторлар - Роджер Уикер және Карл Левинге рицин уы қосылған хат жіберген болатын. Қауіпсіздік қызметінің өкілдері осынау "сәлемдемені" жарты жолдан қайтарды. Тексере келе, хаттан Джеймс Эверетт Датчке есімді АҚШ азаматының ДНҚ талшықтары табылды.

Дереккөз: Baq.kz

20 мамыр 2014, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.