"АҚШ билігі алғаш рет ресми түрде қытайлық әскерилерді кибертыңшылық жасап, америкалық бизнеске елеулі шығын келтірді деп айыптады. ҚХР тағылған кінәға қатаң жауап қайырды" деп мәлімдейді Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.
АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдер "Қытай Халықтық-бостандық армиясына қарасты №61398 әскери бөлімінің бес офицері америкалық алты компанияның зияткерлік меншігін ұрлаған" деп мәлімдеді. Ол АЭС үшін отын өндіруші Westinghouse Electric, Alcoa, Allegheny Technologies Incorporated, U.S. Steel, United Steelworkers Union металлургиялық компаниялар, күн батареяларын жасап шығарушы SolarWorld компаниясы. Вашингтон "айыптылар америкалық сот алдында жауап береді, ал Қытай үкіметі оларды жауапқа тартуға көмектеседі" деп үміттенетінін айтады.
ҚХР СІМ АҚШ таққан айыпты "ол ойдан шығарылған және бұл екі ел арасындағы қатынастарға сызат түсіреді, бір-біріне деген сенімділікті жоғалтады" деп мәлімдеді. Сонымен қатар ҚХР билігі бұған дейін де АҚШ билігі тарапынан талай рет орынсыз айыптаулардың болғанын еске салды. Қытай СІМ АҚШ-тан жедел түрде бұл қателікті жоюды талап етті.
Ақпараттық агенттік бұған дейін АҚШ тарапының "егер тыңшылық жасалғаны анықталып және оған Пекиннің қолдау көрсеткені белгілі болса, Қытайға сауда-саттық санкциясын жариялаймыз" деген мәлімдемесін еске салады. Ал Қытай билігі болса, мемлекеттің жиі-жиі хакерлік шабуылдардың құрбаны болып отырғанын және оның ізі АҚШ-қа бастап баратынын айтып сендірді.
Мысалы, наурыз айында америкалық арнай қызметтің экс-қызметкері Эдуард Сноуден БАҚ қызметкерінің құжатын көрсетіп, әлем елдеріне байланыс қондырғыларын жеткізетін Huawei Technologies Co қытайлық компаниясының компьютерлік желісіне кірген. "АҚШ ҰҚ агенттігінің мақсаты - Қытайдың сауда және сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ бірқатар қытайлық саясаткерлердің, бұрынғы ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао болған" дейді Пекин билігі.
Дереккөз: tengrinews.kz