Атырау, 27 қараша 04:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әуежай тас жолы бір жарым айға жабылады

1 736 просмотра

Жол төсемін қайта жарақтауға байланысты Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы (әуежай тас жолы) қозғалыс 17 мамырдан бастап шілде басталғанға дейін автокөлік жүру үшін жабылады.

Атырау қаласының әкімдігі таратылған баспасөз хабарламасында «қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға» шақырады. Әуежай ғимараты алдындағы алаң мен жолды қайта жарақтау жұмыстарына облысқа республикалық бюджеттен 1,27 млрд теңге бөлінді. Жаңартылған тас жолдың ені төрт көлік жолақтарын, араларындағы бөлгіш жолақтарды, қауіпсіздік жолағы мен жол жиектерін қосқанда 18,90 м құрайды.

Жол жұмыстың жасалу шамасына қарай жекелеген учаскелермен жабылады. Ерік Мостовой үстіндегі көпір өткелін кеңейту жұмыстары басталды. Тиісінше «Меркур» автоорталығының алдындағы жол түйінінен (Әбілхайыр хан даңғылы Сәтпаев даңғылының үстіндегі көпірден шартты түрде бастау алады) «әуежай тас жолы - Лесхоз – Жеті қазына» қиылысына дейінгі жол бөлігі жабық. Қиылыстың өзі әзірге ашық болады.

Қозғалыс бағыттарын қалалық әкімдік Әлиев көшесі арқылы әуежайға және Жилгордок пен Балықшыдағы көпірлер арқылы жоспарлауға кеңес беріп отыр.

Айтпақшы, бұл уақыт шамамен айтылып отыр. Әкімдіктегілер растағандай, мердігердің («Атырауинжстрой» ЖШС) кестесіне сәйкес, жұмысты шілденің алғашқы күндерінде аяқтау жобаланған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 мамыр 2014, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.