Биыл Атырауда №9 пошталық бөлімшенің базасында постамат (тауарларды интернет дүкендері арқылы тапсырыс беріп алдыртуға арналған автоматтандырылған терминал) орнату жоспарланған еді.
Алайда таяу арада өткен брифингте «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Асхат БЕЙСЕНБАЕВ осынау қолайлы қызметтің пилотты жобасына Атыраудың әзірге қатыспайтындығын хабарлаған болатын. Постаматтар жіберілген затты кез-келген уақытта алуға мүмкіндік береді.
Пошташылар оны арнайы терминалдың ұяшықтарының біріне салады, ал клиент ұяшық коды жазылған sms алады.
– Жыл басында мұндай терминалдар облыс орталықтарының әрқайсысына бір-бірден орнатылатын болады деген ақпарат болды. Бірақ кейін жоба қайта қаралды, - дейді«Қазпошта» АҚ Атырау филиалының директоры Ержан ОМАРОВ. – Атырауда постамат, бәлкім, келер жылы орнатылатын шығар. Осындай алғашқы стансалар Астанада, Алматы мен Қарағандыда пайда болмақ.
Анастасия ПАСТУХОВА