Атырау, 27 қараша 04:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қоныстойлар көп болады

1 994 просмотра

14 мамырда Атырауда кезекте тұрған 144 адамға жаңа пәтерлерінің кілттері табысталды.  

Тұрғын үй 2012 жылдан бері қолданыстағы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының «Кезекте тұрғандарға арендалық тұрғын үй» бағыты бойынша салынған Ғаббас Берғалиев көшесіндегі 63 пәтерлік екі үй мен Бақтыгерей Құлманов көшесіндегі 72 пәтерлік үйден беріліп жатыр. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға көп балалы жанұялар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. құқылы. Бес жылға дейін адамдар әр шаршы метріне символикалық 60 теңге (коммуналдық қызметтер ақысына қоса) төлейді, ал осы мерзім өткеннен кейін пәтерлердің толық иесі болу құқығына ие болады. Бір қызығы, бізге қалалық ТКШ бөлімі айтқандай, бұл пәтерлерді жеке меншікке беру механизмі әлі белгісіз: үй еш төлемсіз тегін беріле ме, әлде оны сатып алу керек пе, жұмбақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2014, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.