Атырау, 24 қараша 09:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оңтүстік Корея президенті «Севолдағы» ТЖ-ға байланысты жағалау күзеті қызметін таратады

2 836 просмотра

Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе «Севол» паромының апатқа ұшырағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Оған қоса, аталған оқиғаға қатысты ұлттық жағалау күзетінің таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Президент жағалау күзетінің қызметкерлері аталған қайғылы жағдайға дереу әрекет ету бойынша шараны сәтсіз жүргізгенін алға тартып, бұдан да көп адамды аман алып қалуға болар еді деген ой айтты.«Қайғыдан құса болған халқымның алдында Оңтүстік Корея тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты президент ретінде кешірім сұраймын», - деді Пак Кын Хе. «Не болса да, бұл апатқа мен жауаптымын», - деп қосты ол.
Бұған дейін Оңтүстік Кореялық «Севол» паромымен бірге 286 адам суға кеткен туралы хабарланған болатын.

"Мен жағалау күзетін тарату туралы шешім қабылдадым», - деп мәлімдеген президент теңіз хабарын бақылау қайта құрылған ұлттық қауіпсіздік министрлігіне тапсырылатынын атап өтті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

19 мамыр 2014, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.