Атырау, 24 қараша 09:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

НАТО Ресей армиясының алдында қорғансыз - Der Spiegel

2 293 просмотра

"Егер Ресей Балтық бойы елдеріне шабуыл жасайтын болса, НАТО соққыны қайтара алмайды. Альянста әскери техника да, әзірленген контингент те жеткіліксіз. Мұндай тұжырым Еуропадағы НАТО күштерінің әскери дайындығы туралы есепте жазылған. Бұл ақпарат немістің Der Spiegel журналы тілшілерінің қолына түскен" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ино-ТВ" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Есеп мәтінінде, "бүгінгі таңда альянс Балтық бойы елдерін ядролық қарумен де, танк, ұшақ және құрылықтағы әскермен де қорғай алмайды. Егер НАТО өз одақтасын қорғай алмайтын болса, бұл Солтүстікатлантикалық келісімнің бесінші бабын бұзу болып саналады және альянстың өміршеңдігіне қауіп төндіреді" делінген. Бундестагтағылар Владимир Путиннің осындай мақсаты болуы ықтимал екендігін жоққа шығармайды.

Есеп блоктың әскери және саяси бөлімшелерінің мәліметтеріне негізделіп жасалған. Есепте келтірілген деректерге қарағанда, НАТО күштерінің әлсіз тұсы - бұл танкті әскер және құрлық әскерлері, сондай-ақ минаға қарсы және қайықтарға қарсы қорғаныс және зенитті артиллерия. "Ұшқыштар әуе соғысына дайындалмаған. Ірі әскери құрылымдармен бірлескен оқу-жаттығу жүргізілмейді. Оның орнына НАТО елдері аз күштермен көшеде соғыс жүргізу тәсілін оқытады. Салдарынан альянс күшін жоғалтқан" деп жазады Der Spiegel

Ал, Ресей әскерлері болса, жүйелі түрде ауқымды оқу-жаттығу жүргізіп отыр. Ресейлік ұшқыштардың ұшу сағаты көп, ескі қару-жарақтар жаңасына айырбасталған. Батыстық саясаткерлер ресейлік ерік-жігер мен модернизацияны бағаламай келеді.

Неміс сарапшыларының айтуынша, НАТО күштерінің дайын болуына жоқ дегенде жарты жыл қажет болады. Бундесвер және НАТО арасындағы ынтымақтастыққа қарамастан ГФР әскери салаға бөлінетін қаржы көлемін арттыра алмайды. Берлиннің пайымдауынша, Ресейдің батыстық "кеуде соғуына" қарсы әрекеті апатқа әкелуі мүмкін.

Соңғы жылдары НАТО елдерінің көбі әскери бюджетін азайтқан. Сонымен қатар Der Spiegel қолындағы құжаттағы деректерге қарағанда, Ресейдің соңғы айлардағы іс-әрекетіне қарамастан, Еуропада болып жатқан жағдайға қатысты самарқаулық байқалады.

Der Spiegel "қырғи қабақ соғыстан кейін Батысатлантикалық альянс шығыстан төнуі ықтимал шабуылға қарсы жаңа жоспар жасамаған. Енді НАТО өткізіп алған уақыттың есесін толтыруы қажет" деп жазады.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 мамыр 2014, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.