18 мамыр күні Қостанайда «Атырау» футбол командасы жергілікті «Тобыл» футбол командасымен өткен ойын тең аяқталды - 0:0.
Мұндай «көңілсіз» есепке қарамастан, матчтың өзі қызықты өтті. Қонақтар алаң қожайындарына қарағанда өздерін сенімді ұстады, бірақ оларға сәттілік жетіспей қалды. 24-ші минутта «Атыраудың» қорғаушысы Ренат Абдулин шабуылға қосылып, қақпаның маңдайшасына допты дәл тигізді. Екінші таймның басында допты «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Андрей Карпович қақпаға қарай тепкен еді, алайда алаң қожайындарын бұл жолы қақпаның тіреуі сақтап қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ