Атырау, 24 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

7 мыңнан астам қырым татарлары елін тастап кетті

1 709 просмотра

Қырымның Ресейге қосылып кетуіне байланысты 7 мыңнан астам жергілікті татарлар туған елін тастап кетті, деп хабарлайды УНИАН. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Украинаның өкілі Юрий Сергеев мәлім еткен. Украина өкілі бұл мәліметті БҰҰ Нью Йорктегі штаб-пәтерінде жергілікті татарлардың 1944 жылы тарихи отанынан депортацияланғанына 70 жыл толуына орай өткен салтанатты шара барысында жариялады.

Сергеевтің сөзіне қарағанда, қырымдық татарлар мұндай шешімге "жартылай аралды басып алушылар тарапынан көрген қысымнан кейін" барған. Украина үкіметі Қырымдағы жағдайға алаңдаулы. Ондағы қазіргі билік қырымдық татарлардың құқықтарын елеп- ескерер емес. Татарларды жөн-жосықсыз тексерушілер де, оларды қорқытып-үркітетіндер де баршылық. Мәселен, қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға қырымдық татарлардың көшбасшысы Мұстафа Жемилевті жібермей қойған", - деді ол. Сергеев сондай-ақ, Украина билігі барша украиндықтар арасында тең құқықты сақтап, ниеттес, пікірлес екенін, бар шаруаны бірігіп шешуге ынталы екендіктерін білдірсе, ал "жартылай аралды басып алушылар осы тепе-теңдікті бұзуға ниетті" деді. "Сондықтан бұл жағдайға сызат түсірушілер жазаланатын болады", - деді Украина өкілі.

Еске саламыз, 18 мамырда Симферепольде қырым татарларының депортацияланғанына 70 жыл толуына орай қаралы жиын өткен болатын. Жиынға қатысушылар, ұлттық-аймақтық автономия мәртебесін анықтауға арналған "қырым татарларының өздерінің тарихи аумағында өзін өзі басқаруға құқығына ие болуға мүмкіндік беретін" резолюция қабылдаған болатын. Одан бөлек қырым татарлары жартылай аралға жергілікті ұлттың депортацияланғанға дейінгі тарихи атауын қайтару керектігін, Қырым билігінде татар өкілінің болуын мақұлдайтын арнайы заң қабылдау қажеттігін, Құрылтай мен Меджлисті Қырымның негізгі халқының өкілетті органы ретінде мойындауды талап еткен.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 мамыр 2014, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.