17 мамырда күндіз Азаттық даңғылы №42 үй мекен-жайындағы 5 қабатты үйдің жоғарғы қабатында балкон өртенді. Содан кейін өрт төменгі қабаттың балконына ауысты.
Шақырту бойынша келген өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Атырау қаласының өртке қарсы күрес қызметі жасағының бастығы Саламат ЗҰЛМАХАНОВ хабарлағандай, олар түтінге оранған ер адам мен әйелді құтқарып қалған. Олар газтұтқышпен қауіпсіз жерге көшіріліп, «жедел жәрдем» қызметкерлеріне жеткізілді.
Оқиғаны көзімен көрген жандардың айтуынша, өрт сөндірушілер сәл кешігіп келген. С.Зұлмаханов мұнымен келіспеді:
- Бізге шақырту сағат 12.56-да келіп түсті, екі жасақтың біріншісі сағат 13.08-де келіп жетті. Өрт сөндіру депосы орналасқан Привокзальныйдан Азаттық, 42 «а» мекен-жайына жеткенше 12 минут кетті, бұл жақсы уақыт.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Зинат ОРЫНБАСАРОВА