Атырау, 24 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ президентінің табысы 7 миллион долларға жетті

2 193 просмотра
АҚШ президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишельдің 2013 жылғы табысы 7,15 миллион долларға жетіпті. 15 мамыр күні Ақ үй олардың 2013 жылғы табысын жариялады. Америка заңы бойынша мұндай есепті сотқа барлық шенеуніктер беріп отыруға міндетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

2013 жылы президент пен оның әйелі табыстарының 1,8-6,9 млн долларға жеткенін мәлімдеген еді. Өткен жылы олардың JPMorgan Chase банкіндегі шотында 50-100 мың доллар, ал Northern Trust банкінде 100-250 мың доллар ақшалары болған. Сонымен қатар, Vanguard қорында 100-250 мың доллар қоры бар көрінеді.

Обаманың жалғыз ғана қарызы Чикагодағы ипотекаға алған үйіне төленбей тұрған 500 мың доллар несиесі екен. Ол кезінде мемлекетті басқармай тұрып банктен 5,6 пайызбен 30 жылға борыш алған.

Президент пен жұбайының өткен айда жариялаған салық декларациясына сәйкес, олар өткен жылы 481 098 доллар табыс тапқан, яғни, 2012 жылмен салыстырғанда 127 мыңға кем.

Федералдық салық ретінде олар өз табыстарынан 98 169 доллар салық төлеген. Сонымен бірге, өздері тұрып жатқан Иллинойс штатында жергілікті басқармаға 23 328 доллар салық төлеген. Ал қайырымдылық қорына жалпы табысының 12,3 пайызын, яғни, 59 251 долларын жұмсаған.

Салық төлеуден артылған қаражатты әртүрлі 32 ұйымға таратып берген. Қайырымдылықтың басым бөлігін әскерилер мен ардагерлерге көмектесетін Fisher House қорына аударған. Жалпы, Барак Обама жылына 400 мың доллар жалақы алады екен.

Дереккөз: bnews.kz


 

16 мамыр 2014, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.