«Женевада Атырау облысы экс-әкімінің күйеу баласы қамауға алынды» атты мақаламыз жарыққа шыққаннан кейін «АЖ» редакциясына алдымен Рүстем ӘЛБАҚАСОВТЫҢ бостандықта жүргендігін растаған Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ достары байланысқа шықты.
Біз мақала жарыққа шыққанға дейін оларға қамауға алу туралы бізге түскен ақпаратты растау немесе теріске шығару өтінішімен шыққандығымызды, алайда жауап болмағандығын еске салдық. Сондықтан мақаланы енді оның басты кейіпкерінің өзі, егер шынымен де бостандықта жүрсе, теріске шығара алатын еді.
Кешікпей редакцияға Рүстем Әлбақасов байланысқа шықты. Біраз сөйлескен соң, оған фотосуретін және төменде жарияланған мәлімдемесін жолдауды өтіндік. Әрине, одан және бүкіл «АЖ» оқырмандарынан ғафу өтінеміз. Сонымен қатар, оның біздің тарапымызға айтқан айыптауларын салмақты деп есептемейміз, оларды жай ғана ұзақ уақыт бойына жасырынуға мәжбүр болған адамның эмоциясы мен секемшілдігіне жатқызамыз.
Біздің әділдігімізге қатысты пікір айту үшін, бәлкім, бос уақытта «Берік Жанкеев: «Кінәм болғандықтан бой тасалап жүрген жоқпын» атты және көптеген басқа да материалдарды, соның ішінде сот репортаждары циклындағы материалдарды оқыған жөн шығар.
«АЖ» редакциясы