12 мамырдан бастап магистральді жөндеуге байланысты Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінде газ беру тоқтатылған болатын.
«Интергаз – Орталық Азия» АҚ-ның «Атырау» магистральды газ құбыры басқармасы бас инженерінің орынбасары Мұрат ЕРІМБЕТОВТІҢ айтуынша, қазір «Мақат – Cолтүстік Кавказ» магистральды газ құбырынан Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы газ тарату стансасына дейінгі 32 шақырым тұрба учаскесінде жалпы саны 136 адамнан тұратын 14 бригада жұмыс істейді.
Газ берушілер газды ертең, 16 мамырда түсте беруге уәде етіп отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ