Фильм Монако князі Ренье ІІІ-ге күйеуге шыққан және голливуд жұлдызы мәртебесінен гөрі ханшайын атағын қолайлы көрген атақты американ актрисасы, «Оскар» сыйлығының лауреаты Грейс Келлидің өмірі туралы баяндайды. Грейс Келлидің рөлін картинада актриса Николь Кидман сомдайды, ол өткен жылғы Канн кинофестивалі қазылар алқасының құрамында болған еді.
Князь Альбер II бастаған Монако княздік отбасы ханшайымның көрсетілген бейнесіне қарсылып білдіріп, картинаға бойкот жариялады. Альбер «Монако ханшайымы» фильмін "фарс" деп атады. Дегенмен фильмді толық көрмегенін, тек трейлерімен ғана таныс екенін мойындады.
Алайда Гримальди династиясының бойкотын Еуропаның өзге ақсүйек отбасылары да, кинематографиялық әлем де, бұқара да қолдамады.
Кинофестивальдің басты жүлдесі - «Алтын пальма бұтағына» 18 лента таласқа түседі. Олардың арасында Андрей Звягинцевтің «Левиафан», Атом Эгоянның «Түндер патшайымы», Жан-Пьер мен Люк Дарденнің «Екі күн, бір түн» (басты рөлде - Марион Котийяр), Дэвид Кроненбергтің «Жұлдызды карта», Жан-Люк Годардың «Сөз, қош!», Томми Ли Джонстың «Жергілікті» және басқа да картиналар бар.
Канн фестивалінінен хабар таратуға әлемнің түкпір-түкпірінен 4 мың журналист келген.
Аталған фестиваль 25 мамырда жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталады.
Дереккөз: inform.kz