Атырау, 30 қыркүйек 22:22
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ұлттық құрама атыраулықтардан құралды

2 307 просмотра

Иранда өткен отырып ойнайтын волейболдан алғашқы Азия чемпионатында толық құрамы «Атырау облысы мүгедектерінің спорттық клубы» КМК ойыншыларынан тұратын Қазақстан құрама командасы күміс медаль ұтып, үстіміздегі жылдың маусым айында Польшада болатын әлем чемпионатының жоғары дивизионында өнер көрсету құқығына ие болды. 

«Атырау облысы мүгедек-терінің спорттық клубы» КМКдиректоры, ҚР құрамасының бас бапкері Бауыржан ТАХАУОВ былай дейді: 

- Ойыншыларымыз ел намысын жанын салып қорғады. Командамыз өз тобында Жапония мен Моңғолияны ұтып, алаң иелерінен жеңіліп қалды. Жартылай финалда Ирак құрамасын жеңді. Өкінішке орай, осы ойында ең ұзын ойыншымыз Александр Демеуов саусағын сындырып алып, шешуші ойынға қатыса алмады. 

Қатарлас өтіп жатқан ойында алаң иелері қытайлықтарды жеңді. Осылайша біз финалда алаң иелері – Иран құрамасымен тағы да кездестік. Бұл – паралимпиадалық ойындардың 7 дүркін чемпионы, өте мықты команда. 0:2 есебімен ұтылып жатып, үшінші кезеңде 23:25 есебімен алға шыққанбыз, алайда, қорытындысында  23:25 есебімен жеңіліп қалдық.

2008 жылы Атырауда «Атырау облысы мүгедектерінің спорттық клубы» КМК құрылғаннан кейін қазақстандық отырып ойнайтын волейболдың даму орталығы біздің қаламызға көшті. Бір жыл өткеннен кейін атыраулық ойыншылардан тұратын ел құрамасы Иранда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Тағы бір жылдан соң қазақ құрамасы АҚШ-та өткен әлем чемпионатының екінші дивизионында «алтын» ұтты.  

- Біз алдымызға биыл оңтүс-тік кореялық Инчхон қаласында өтетін мүгедектер арасындағы Азия ойындарында алтын немесе күміс жүлде алуды міндет қылып қойып отырмыз. Бұл бізге 2016 жылы Бразилияда болатын Паралимпиадалық ойындарға қатысуға мүмкіндік береді, - дейді Б. Тахауов.

Қазақстан құрама команда-сының құрамы (барлығы - атыраулықтар): команда капитаны Берік Ізмағамбетов, Қуаныш Тәжіков, Бауыржан Сартаев, Пердебай Намұратов, Ақылбек Шекебаев, Расул Иманғалиев, Александр Демеуов, Нұртілеу Махамбетқалиев, Жанғали Сүйеуов, Ернар Матеуов, Оңғарбек Досахаев, Бақытжан Бесқалиев.

Суретті  «Атырау облысы мүгедектерінің спорттық клубы» КМК ұсынды

 

15 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.