Атырау, 24 қараша 09:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия: Кипрге өтемақы төлемейміз

1 395 просмотра
Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу. Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу. Түркия билігі Еуропаның адам құқықтары жөніндегі Страсбург сотының 1974 жылы Kипр аралына басып кіргені үшін Кипр үкіметіне 90 миллион еуро өтемақы төлеу талабын орындамайтынын мәлімдеді. 

Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглудың айтуынша, Анкара өзі мойындамайтын мемлекетке өтемақы төлемейді.

1974 жылы Кипрде Грекияға қосылуды жақтайтындар мемлекеттік төңкеріс жасағанда Түркия аралға басып кірген еді. Содан бері арал үшке бөлініп қалған. Бөлінген Солтүстік Кипр Түрік республикасын тек Анкара ғана мойындаған.

Халықаралық аренада заңды мемлекет ретінде танылған Кипрдің оңтүстік бөлігінің үкіметі Түркияны бір жарым мың кипрлік гректің із-түзсіз жоғалып кетуіне және 200 мың адамның тұрғылықты жерін тастап шығуына қатысы бар деп айыптайды.

Кипр үкіметі Страсбург сотына шағымды бұдан жиырма жыл бұрын берген. 2001 жылы сот Кипрдің пайдасына шешім шығарып, содан бері өтемақы мөлшерін анықтаумен айналысқан.

12 мамыр күні Давутоглу үкім "ыңғайсыз уақытта" шығып, таяуда ғана қайта жанданған бейбіт келіссөздерге "үлкен соққы болып тигенін" мәлімдеді.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
14 мамыр 2014, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.