"BBC телеарнасының тележүргізуші Эндрю Марр Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронға "аузыңды жап" деді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mirror ақпарат құралына сілтеме жасап.
Тікелей эфирде жүріп жатқан The One Show бағдарламасының қонақтары "Боко Харам" исламдық радикалды топ жауынгерлерінің нигериялық 200 оқушы қызды ұрлап кеткенін талқылап жатқан. Бағдарлама соңында Марр "Болды, болды, Премьер-министр, аузыңызды жабыңыз, өкінішке қарай біздің уақытымыз бітті" деп салған. Сасқалақтап қалған Кэмерон, тұтығып, "Мен созып жібердім, кешіріңіздер" депті.
Басылымның мәліметінше, Кэмерон өзіне айтылған дөрекі сөзді естімеген болуы керек. Алайда бұл жағдайға куә болған бағдарламаның тағы бір қонағы, CNN-нің халықаралық тілшісі Кристин Аманпур ыңғайсызданып, камераға жалтақтай берген.
Дереккөз: tengrinews.kz