Атырау, 5 мамыр 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ашу - дұшпан

2 684 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.Үстіміздегі жылдың наурыз айында Ақтөбе гарнизонының әскери соты ҚР ҚМ №41433 әскери бөлімінің (Привокзальныйдағы барлау полкы) аға лейтенанты Д.-ға қатысты қозғалған қылмыстық істі ашық сот отырысында қарады.

Батыс өңірлік әскери прокурорының көмекшісі Алғатай НҰРҒАЗЫҰЛЫНЫҢ айтуынша, өткен жылдың 20 тамызында таңғы сағат 6-да Д. Привокзальныйдағы екі қызметтесімен бірге жалдап тұратын пәтерінен шығып, жұмысқа бара жатады. Оған «Мұрагер» базарының қасында үш азаматтық тұлға тиіседі. Араларында кикілжің туындап, офицер бір жағына сытылып шығып, телефон арқылы үйде қалған қызметтестерін шақырады.

Үй кіреберісінен жүгіріп шығып келе жатқан офицерлерді көріп, үш азамат қаша жөнеледі. Сонда Д. арттарынан қуып, біреуін ұстап алып, жерге құлатады. Ол орнынан тұруға оқталған сәтте басынан тебеді. Нәтижесінде соққы алушы есінен танып қалады.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, зардап шегуші Б.-ға «өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген зиян тигізіліп, беті ісіп-көгеріп, миы шайқалып, қаңқа-ми жарақатын алған. Осылардың салдарынан зардап шегушінің көру, сөйлеу және тыңдау органдары зақымданған. Зардап шегуші жұмыс қабілеттілігінің үштен бірін жоғалтып, жүйкесі бұзылған, ал бұл неврологиялық ауруларға әкеліп соқтырды».

Айыпкер Д. ҚР ҚК 103-бабы бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға шартты түрде сотталды және Қарулы күштер қатарынан шығарылды.

Батыс өңірлік әскери прокуратурасында сенім телефондары жұмыс істейді: 75-59-01 және 8-771-505-85-81

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 мамыр 2014, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.