Атырау, 24 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Испанияда танымал саясаткерді атып өлтірді

1 855 просмотра
Испанияның солтүстігіндегі Леон қаласында елге танымал саясаткер әйелді белгісіз біреу атып өлтірген, деп хабарлайды BBC.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, белгісіз бір әйел Карраскоға бірнеше рет оқ атқан.

Белгілі болғандай, 59 жастағы саясаткер оқиға орнында жан тапсырды.

Изабель Карраско Леон провинциясы үкіметінің төрағасы әрі аймақтағы Халық партиясы бөлімшесінің басшысы болып қызмет атқарған.

Изабель Карраско партияның жиналысына бара жатқан кезде, өз үйіне жақын маңда өлтірілді.

Кісі өлтірді деген күдікпен жергілікті полиция оқ атқан әйел мен оның қызын қамауға алды. Белгілі болғандай, қыз жақында партиялық кеңестен шығып қалған екен.

«Барлығы да мұның жеке өшпенділіктен болғанын көрсетуде. Оның өлімі қоғамдық міндеттерімен еш байланысты емес», - деп мәлімдеді полиция өкілі.

Изабель Каррасконың өліміне байланысты Халық партиясы сайлау алды шараларды екі күнге тоқтатып, қаза тапқан әйелдің туысқандарына көңіл айтты.

Дереккөз: bnews.kz

 

13 мамыр 2014, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.