Атырау, 5 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Мүрде неге керек болды?

5 284 просмотра

6 мамырда Атырау қаласы прокурорының қаулысы бойынша қала іргесіндегі Алғабас ауылының 37 жастағы тұрғыны Қуаныш ШҰҒАЙЫПОВТЫҢ жерленген денесіне эксгумация жасалды.

Туыстарының айтуынша, Қуаныш өзі жұмыс жасаған «Тасжол» ЖШС-нің қоймасынан материалдар ұрланғандығы туралы іске куәгер ретінде тартылған. Ұрлық жасалған күні (14 наурызда) ол ақысыз күн алған. Алайда туыстарының растауынша, полицейлер мұны назарға алмаған және кінәні өз мойнына алуға мәжбүрлеген. Жауап алу шараларының бірінде Шұғайыповты қатты ұрып-соққан соң, үйіндегілерге «жедел жәрдем» шақыруға тура келген. Ол миының қатты шайқалуына байланысты біраз уақыт облыстық ауруханада жатқан. Туыстары қалалық прокуратураға шағым жазып, содан соң олардың айтуларынша, полицейлер Шұғайыповтың үйіне біресе кешірім сұрап, біресе арызды кері алыңдар деп қоқан-лоққы жасап, келе бастаған. Ақыр аяғында, жігіттің жүйкесі сыр беріп, 3 мамырда асылып қалған.

Туыстары эксгумация жасауға қарсы болып, бұл жолы құқыққорғау органдарына талптары жоқ екенін мәлімдепті. Дегенмен де, эксгумация жасалды.

Біз Атырау қаласы прокурорының орынбасары Владимир МАЛАХОВПЕН хабарласқан едік. Оның айтуынша, эксгумация жасалғаннан кейін мүрде қайтадан жер қойнына тапсырылған. Сараптама нәтижелері әзірге белгісіз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 мамыр 2014, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.