Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа салық күшіне енбес бұрын ел президенті міндетін атқарушы Адли Мансурдың келісімінен өтуі тиіс.
Миллионерлерге салынған салықтан өндірілген қаражатты жергілікті билік әлеуметтік, білім беру, тұрғын үй, инфрақұрылым жобаларын қаржылай қолдауға және Египеттің түрлі қалаларындағы медицина мен денсаулық сақтау мекемелерін дамытуға жұмсамақшы.
Сондай-ақ үкіметтің берген түсініктемесіне сәйкес, салық төлеуші өз 5%-ын бірден қажетті жобаларға құя алады.
2011 жылдағы революция мен Хосни Мүбаракті биліктен кетіргеннен кейін Египет күрделі экономикалық дағдарысқа тап болды. Әсіресе туризм саласы соңғы жылдары тым ақсап кеткен – елдегі жаппай бүлікшілік пен билік пен халық арасындағы қалыптасқан күрделі ахуал салдарынан шетелдіктер парсы курорттарына баруды тоқтатып, елді басты табыс көзінен айырып отыр. 85 млн халқы бар елде бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 14%-ына жеткен.
Дереккөз: bnews.kz