Атырау, 21 желтоқсан 12:52
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Еңбек жеңісі

2 256 просмотра

10 мамырда «Судоремонтник» стадионында футболдан «Атырау» мен «Астана» командалары арасында ел чемпионатының 11-ші тур матчы өтті. Алаң қожайындары Қазақстан құрамасының базалық клубын 1:0 есебімен жеңді.

Ойын өте қызу өтті. «Атырау» командасының қақпашысы Андрей ШАБАНОВ бірнеше қауіпті соққыны қақпаға дарытпады. Ол сонысымен есте қалды. Матчтың алғашқы минуттарында алаң қожайындарының қорғаушысы Майкл ОДИБЕ даулы жағдайда ойыннан алыстатылды. Алайда әділеттік орнап, 30-шы минутта қонақтар айып алаңында ереже бұзған кезде, «Атырау» командасының сербиялық шабуылшысы Милош ТРИФУНОВИЧ пенальти (11 метрлік айып соққысы) орындады. Қалған уақытта біздің команданың ойыншылары сәтті қорғана білді (сонымен қатар қауіпті жағдайда қарсы шабуылдады да). Есеп сол күйінде қалды - 1:0.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 мамыр 2014, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.