Атырау, 24 қараша 09:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Евровидение-2014" байқауында Австрия жеңімпаз атанды

1 828 просмотра

Австриялық орындаушы Кончита Вурст "Евровидение-2014" халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Байқауға қатысушы 37 елдің 14-і оған ең жоғары ұпай – 12 балды берді. "РИА Новости"-дің мәліметінше, Вурст 290 балл жинады. 

Томас Нойвирт немесе сақал-мұрты бар трансвестит Кончита Вурст 1988 жылы 6 қарашада Австрияның Гмунден қаласында туған. Грац қаласындағы Сән мектебін тәмамдағаннан кейін поп-орындаушылардың Starmania кастинг-думанының үшінші маусымына қатысқан. Сол кезде өзінің гей екенін алғаш рет көпшілікке мойындап, сақалды әйелдің кейпін сахналық образ етіп алады. "Евровидение-2014" байқауында ол Rise Like a Phoenix ("Феникстей қайта тірілемін") атты ән орындады.  

Екінші орынды нидерландылық The Common Linnets тобы иеленді, бұл дуэтке 238 балл ұпай берілді.

Үшінші орын швециялық орындаушы Санна Нильсенге ( 218 балл) бұйырды. 

Арменияның атынан өнер көрсеткен Арам MP3 174 балмен төртінші орыннан көрінді. Венгриялық Андраш Каллаи Сондерс (143 балл) бесінші, украиналық Мария Яремчук (113 балл) алтыншы, ресейлік Толмачевалар (89 балл) жетінші орынды иеленді. Копенгаген қаласында өткен "Евровидение-2014”-ті Қазақстанда "Хабар" телеарнасы тікелей трансляциялады. Радиожүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен Диана Снегина эфирге комментатор болды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

11 мамыр 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.