Атырау, 14 қаңтар 19:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Салықшы ісі

1 618 рет қаралды

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті ЖШС-тердің бірінің директорынан 50 мың теңге пара алды деп күдіктелген салық қызметінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. 

"Атырау қаласы бойынша салық басқармасы " ММ кедендік одақ аясындағы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы - азамат Б. - ға қатысты ҚР ҚК-нiң 177-бабы 3-бөлімінің " г " тармағы бойынша ( " Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам жасаған алаяқтық" ) iс қозғалды. 

Қаржы полициясынан хабарлағандай, "Азамат Б. ЖШС-тiң есебі заңмен қарастырылған мерзімде тапсырылған болса да, өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, сенімге қиянат ету арқылы алдап-арбау жолымен ақшалай қаражат алған".

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 мамыр 2014, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.