Атырау, 21 желтоқсан 13:18
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 501 просмотра

Текетірес

«Мұнайшы» спорт кешенінде 1996-67 ж.т. жастар арасында кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтті. Кескілескен айқастарда нокауттар көп болды.  

Жарысқа 194 спортшы қатысты. Атырау алаң иесі ретінде 30 спортшы қосты. Олардың барлығы - 2-БЖСМ шәкірттері. Нәтижелері мынадай:
«Алтын»: 57 келіге дейін - Азамат Өтемісов және Жандос Назарбеков (К-1 санаты), 81 келіге дейін - Эльдар Мұхитов. «Күміс»: 51 келіге дейін – Жанәлі Сәлімгереев, 65 келіге дейін – Көркем Кереева, 75 келіге дейін – Дәурен Керім. «Қола»: 51 келіге дейін - Рахман Қалыбаев, 60 келіге дейін - Ерғанат Қайыржанов (К-1), 91 келіден жоғары - Айбат Бақтығалиев.
«Үздік техникасы үшін» сыйлығын А.Өтемісов, «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығын Ж.Сәлімгереев алды. Спортшылар мен жаттықтырушылар демеушілері «Мәтен Петролеум», «Олимп» букмекерлік кеңсесі, «Ритм Групп» және «AITSI-Астана» компанияларына алғыс айтады.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

*        *        *

Айза мен Жұлдыз Қытайға барады

Ақтөбеде студенттер арасында таэквондодан Қазақстанның 5-ші чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшылардың арасында Айза Өтегенова мен Жұлдыз Бүркітова (АМУ) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанса, Дастан Мұратов, Нұрсұлтан Жедыбаев және Алтынзер Өтепбергенова (АМжГИ) «қолаға» қол жеткізді. Айза мен Жұлдыз Қытайда өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды. 

 *        *        *

Қыздар ерледі

Петропавловскіде таэквондодан 2000-02 ж.т. кадеттер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.  

Облыс құрамасы сапынан Бану Жұмабай (59 келіден жоғары) мен Майра Сүйінбекова сәйкесінше «алтын» мен «күміс» медаль ұтты. Әділжан Сәрсенов, Диляра Киримова, Жадыра Хайруллина және Ақниет Қабдуллина «қола» жүлдегер атанды. Балаларды аға жаттықтырушы Ерлан Алагөзов, жаттықтырушылар Руслан Аманғалиев пен Азамат Нұржанов дайындады.

 *        *        *

Қыздар футбол алаңында

Облыстық футбол федерациясы мен АМУ-дің қолдауымен «Жайық» спорт кешенінің футбол алаңында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының әйелдер командалары арасында футболдан «Наурыз кубогы» өтті.

Турнирге АМУ, агротехникалық колледж, Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж, инженерлік-гуманитарлық колледж, Каспий маңы заманауи колледжі, политехникалық колледж және А.Сүндетов атындағы медициналық колледж командалары қатысты.

1-орынды алаң иелерінің «Университет» командасы (жаттықтырушылар Г.Салменова, Р.Сұлтанғалиев), 2-орынды бизнес және құқық колледжі (Ч.Рахмашев), 3-орынды агротехникалық колледж (Р.Құрманов) алды. Үздік ойыншылар: қақпашы - Айгүл Өтенова (құқық және бизнес колледжі), қорғаушылар - Наталья Мясникова («Университет») және Әсел Сәрсенова (агротех), шабуылшы – Алмагүл Шапихова (гуманитарлық колледж). Гүлсезім Асқарова («Университет») турнирдің үздік ойыншысы атанды

***

 

 

Қос «қола»

Айдана жеңіс тұғырында (оң жақтан соңғы).Айдана жеңіс тұғырында (оң жақтан соңғы).Гамбургте таэквондодан өткен халықаралық турнирде Атырау қаласындағы 1-БЖСМ шәкірті Айдана ЕДІЛБАЕВА қола медаль алды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста 42 келіге дейін салмақта швейцариялық қарсыласын жұмсаған соққылары бойынша 10:4 есебімен, содан кейін Германия өкілін 7:4 есебімен ұтып, жартылай финалда голланд қызынан 5:10 есебімен ұтылып қалды.

Айдана Түркияның Конья қаласында өткен Жасөспірімдер ойындарында да осындай жетістікке жетті. Мұнда ол түрік спортшысын 7:6, белоруссиялық қызды 5:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда болашақ чемпион Сербия құрамасының өкіліне есе жіберіп қойды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.