АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Еуропа Одағы сыртқы саясат ведомствосы басшысы Кэтрин Эштон. Вашингтон ресейшіл сепаратистердің Украинаның шығысындағы қалаларда жексенбі күні референдум өткізу жоспарын айыптады.
Ресейшіл сепаратистер Украинаның шығыс аймақтарында Қырымдағы референдумға ұқсас; бұл аймақтардың Украинадан бөлініп, Ресейге қосылуын құптайтын плебисцит шарасын өткізбек.
6 мамыр күні Вашингтондағы кездесуден соң Еуропа Одағының сыртқы саясат ведомствосы басшысы Кэтрин Эштон мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бірлескен мәлімдеме жасады.
Керри "Біз Украинаны ары қарай бөлшектеу әрекеттеріне қарсымыз. Бұл әрекеттер Украинадағы жағдайды тыныштандырудың орнына, одан бетер ушықтыра түседі" деді.
Керри Украинада сепаратистер өткізгелі отырған аймақтар мәртебесі туралы референдумды "Қырым оқиғасын қайталау" деп бағалады. Ол "Бірде-бір өркениетті мемлекет ондай референдумды мойындамайды" деді.

Дереккөз: Азаттық радиосы
7 мамыр 2014, 11:49