Атырау, 24 қараша 10:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Канада Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

2 740 просмотра
Канада үкіметі Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізгенін жариялады. Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі жариялаған жаңа тізімге Ресейдің 16 банкі мен компаниясы ілінді, деп хабарлайды RBK.RU.

Жаңа тізімге ілінген барлық компаниялар бұрын АҚШ тарапынан да қысымға ұшыраған болатын. Олардың қатарында Геннадий Тимченко басқаратын «Акваника», «Авиа Групп» және «Авиа Групп Норд», «Сахатранс», «Стройтрансгаз» тобының бес компаниясы және Volga Group холдингі бар.

Канаданың Премьер-министрі Стивен Харпердің айтуынша, жаңа санкцияларды енгізуге негізгі себеп «Ресейдің Украинаға заңсыз басып кіргені, бөтен мемлекетке қарсы әскери әрекеттер ұйымдастырғаны». Сонымен қатар, ол Канада алдағы уақытта да Украинаның тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау мақсатында өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

2014 жылдың 28 сәуірінде канаданың қара тізіміне Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Вячеслав Володин, Ресей үкіметі басшысының орынбасары Дмитрий Козак, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Пушков, Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Бабаков, Ресей президентінің Қырымдағы уәкілетті өкілі Олег Белавенцев, ФСО басшысы Евгений Муров және Мемлекеттік Думаның депутаты, ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский ілінген еді.

Өткен аптада АҚШ пен ЕО жаңа санкциялар жариялаған болатын. Еуроодақтың бұл тізіміне 15 адам кірді: Ресей үкіметінің вице-премьері Дмитрий Козак, Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасарлары Сергей Неверов пен Людмила Швецова. Сонымен қатар, қара тізімге Қырымға қатысы бар депутаттар, БББ басшысы мен Украинаның шығысындағы белсенділер де алынды. Ал Америка Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау бөлімі санкция тізімінің басына Ресей президентінің Қырымдағы уәкілетті өкілі Олег Белавенцевті жайғастырыпты.

Дереккөз: bnews.kz

5 мамыр 2014, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.