Ресей ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінен Украинада болып жатқан оқиғаларға объективті баға беруді талап етеді, - деп хабарлайды РФ СІМ-не сілтеме жасаған РИА Новости.
"Мына жақта Шығыс Украинада украиндық жазалаушылар өз операцияларын жүргізіп, бір елді-мекендерді тазалап, екіншісін бекітіп жатқанда, Батыста бұл елдегі трагедиялық оқиғаны бүркемелеу мақсатында ақпараттық блокада жасалып жатыр" делінеді ресейлік СІМ таратқан хабарламада. Құзырлы ведомстводағылар "тіпті ЕЫҚҰ төңірегіндегілер бүгін Укаринада қан төгіліп, әскерилер қарусыз адамдарға оқ атып жатқандығынан хабарсыз" деудің өзі осының негізі деп атайды.
Еске сала кетелік, 2 мамырда Одессада көтерлісшілер мен "Еуромайдан" белсенділері арасында қақтығыс орын алған. Ол кезде ресейлік тарапты жақтаушылар бас сауғалап, тығылған Кәсіподақтар үйі өртеніп, 46 адам мерт болған. 3 мамырда Краматорскіде шиеленіс бұрқ ете түскен. Жергілікті тұрғындар жолын жапқан украиндық бронды техникалар колоннасы қарсылыққа қарамай алға жылжыған. Салдарынан 10 адам көз жұмған.
Дереккөз: tengrinews.kz