Атырау, 27 қараша 02:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қортпаларды уылдырығын алып, теңізге жіберді (Фото)

5 422 просмотра

Ересек бес қортпа балығы Каспийге оралды. 1 мамырда Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты аналық балықтарды табиғи ортасына жіберді.

Балық аулау маусымы басталғалы бері зауыт бекіре тұқымдас аналық балықтардың 40 данасын: бес қортпа, төрт бекіре, 31 шоқыр алды. Балық өсірушілер үшін Жайықтың тартым учаскелерінде ынтымақтастық туралы келісімшарт бойынша негізінен «Амангелді» өндірістік кооперативі балық аулайды. Балық дайындау өсірілген 3,5 бекіре тұқымдас стандартты балық шабақтарын құрайтын мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі облыстағы екі бекіре өсіру зауыты үшін бес тонна бекіре тұқымдас балықтарға лимит бекітті. Жайық-Атырау зауыты бүгінгі күні бір тоннадан сәл астамын игерді. Зауыт жұмысшыларының балық аулау маусымы шілденің аяғына дейін жалғасады.

Бүгінде аналық қортпалардан ұрықтандырылған 2 млн-нан астам уылдырықша алынып, инкубациялық аппараттарға салынды. Инкубациялау процесі сәтті шықты. Қатыстырылған бүкіл алты (екі аналық, төрт аталық) аналық қортпаның бесеуінен жыныстық өнімдер (уылдырық, аталық ұрық) Сергей Борисович Подушканың әдісімен, яғни тірілей сақтап қалу әдісімен алынды, – дейді Жайық-Атырау бекіре зауытының директоры Ғилман СӘРСЕМАЛИЕВ. Қортпаның бір аталығы өткен жылдың күзгі маусымында дайын болған еді. Біз тәуекел етіп, оны ұстайтын жеткілікті жағдайымыз болмаса да, оны зауытта қалдырдық. Бірақ ол біздің тоғандарымыздың бірінде жақсы қыстап шықты. Осы маусымда ауланған балықтар секілді аталық ұрық алу процесіне қатыстырылды. Қортпаның жас аналығы бірнеше күн бұрын ұрықтануға әзір тұрған 21 келі уылдырық берді. Бір граммға 33 уылдырықшадан келетін осы көрсеткіш бойынша бұл 700 млн-дай аналық жасуша болады. Екінші аналықты, осы маусымда ұсталған 230 келілік қортпаны сақтап қала алмадық. Әдетте, ірі балықтардың ішін жарып алуға тура келеді, өйткені олар ірі болғандықтан тірі сақтап қалу қиын. Одан 41 келі уылдырық алынды.

Балық етін қайда жібересіздер?

Бұл қортпаның еті тоңазытылып қойылды. Оның сату бағасын үкімет белгілегеннен кейін сатылымға шығарылады. Уылдырығы мен ішек-қарнын алып тастағанда, етінің салмағы 180 келідей құрады, - деп түсіндірді Сәрсемалиев.

Қортпа 100 жылға дейін өмір сүреді екен. Қалай дегенмен де, ескі ғылыми еңбектерде ғалымдар осылай деп растайды. Ал аналық қортпаның алғашқы уылдырығы 16-17 жылда пісіп жетіледі. Басқа балық зауыттарының тәжірибелері аналықтың уылдырығы еркіндікте болмаса, орташа алғанда әрбір үш жыл сайын пісіп-жетілетінін көрсетіп отыр.

Бірақ бізде әзірге ересек балықтарды ұстау үшін қуаттылықтар да, жағдай да жоқ, сондықтан аналық балықтарды қайтадан теңізге жіберіп қойған тиімді болады, - дейді Сәрсемалиев.

…Ірі балықтар балықты тірідей сақтайтын су қоймасы бар арнайы қайықпен (бүйірлеріндегі саңылаулардың немесе ойылған жерлердің арқасында үнемі сумен толығып тұрады) отандарына оралды. Солтүстік Каспийдің таяздығы сондай, үш-төрт метрдей тереңдікке жету  үшін жағалау бойынан 20 шақырымдай қашықтықта ашық теңізге жүзіп баруға тура келді. Теңіздің тереңдігін сезді ме, әлде тығыз қаумалаған адамдардан үрейленді ме, зембілге салынған ірі балықтар шорши жөнелді. Олардың кейбірінің салмақтары 180 келіге дейін жетеді. Адамдардың әлдері келмегесін, зембілді кранмен көтерді. «Төмен түсір!» деген бұйрықтан соң, зембіл су үстіндегі бортқа түсірілген соң, балықтар суға жіберілді. Жалғыз қалған соңғы аналық балық суға кетпес бұрын, баршасына «сау болыңдар, адамдар!» дегендей, құйрығын наздана сермеп, теңіз айдынында ғайып болды. Тіршілік жалғассын!

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

4 мамыр 2014, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.