Атырау, 5 мамыр 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Адам ұрлаған бандының тағы бір мүшесіне үкім шығарылды

3 782 просмотра

Мақат аудандық соты 2007жылы Мақат кентінің тұрғыны Бақтыбай БАЗАРОВТЫ ұрлаған қылмыстық топқа қатысушылардың бірі - Марат ИСМЕКОВКЕ сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.  Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Еске сала кетейік, М.Исмеков соттан жасырынып жүрген жерінен қаңтарда Астанадан ұсталған еді («Мақата Базаровты ұрлағандардың тағы біреуін соттайды»). Ал одан бұрынырақ, өтекен жылдың аяғында бұл қылмысқа қатысы бар Мақат кентінің бес тұрғыны - Азамат МҰҚАНОВ, Жеңіс БИҒАЛИЕВ, Қайрат ӨТЕБАЕВ, Самат АБДОЛЛОВ жәнеСамат АМАНДӘУЛЕТОВ аудандық соттың үкімімен 7 және 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.   

Сотта М. Исмеков кінәсін мойындамауға тырысып баққанымен, сот отырысы барысында толықтай дәлелденді.  

- Бұл қылмыстық топтың басшысы Дамир ИСМУХАНОВ бұрынғыша іздестірілуде, - дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ. – Ұрланған Бақтыбай Базаровтың тағдыры әлі күнге белгісіз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 мамыр 2014, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.