Атырау, 24 қараша 10:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сергей Лавров АҚШ-ты Киевтегі бассыздықтарды тоқтатуға шақырды

1 461 просмотра
РФ СІМ Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 2014 жылдың 3 мамыры күні телефонда әңгімелесті, деп хабарлайды РФ СІМ баспасөз қызметі.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің деректеріне сүйенсек, Лавров АҚШ тарапын киевтегі бассыздықтарды тоқтату үшін қолдан келгенінше күш салуға шақырды. Ресми киевтің өз халқына қарсы оңтүстік шығыс өңірлерде ұйымдастырған әскери іс-қимылдарын дереу тоқтатып, наразылыққа шыққан ел тұрғындарын тұтқыннан босатуды талап етті.

Сонымен қатар, Ресей тарапы бұл шиеленіскен жағдайды басуға ЕҚЫҰ араша түсуі керек дейді.

Естеріңізде болса, жұма күні Одессада Майдан жақтаушылары мен қарсыластары арасындағы жаппай тәртіпсіздіктер мен қақтығыстардың салдарынан 40-тан астам адам қаза тапқан болатын.

Сонымен бірге, 2 мамыр күні Украина әскері Славянскіні күшпен басып алуға әрекет жасаған еді. Қаланың барлық күзет орындарына шабуыл жасап, тікұшақтармен әуеден атқылаған. Оқиға кезінде екі жақтан да адамдар қаза болған. Ал сенбі күні шиеленісті жағдай Краматорскіде жалғасты.

Дереккөз: bnews.kz

 

4 мамыр 2014, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.