Атырау, 24 қараша 10:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Англияда исламға тіл тигізген саясаткер қызметінен кетті

1 762 просмотра
Англияда Эссекс графтығына қарасты Брентвуд Саус қаласының жергілікті кеңесіне консервативті партия атынан сайлауға түсіп жатқан саясаткер Твиттерге жазған антиисламдық және гомофобтық жазбасынан кейін өз еркімен партия қатарынан шығып, сайлаудан кандидатурасын алды. 

Дэвид Бишоп отставкаға кетпестен бұрын халқынан кешірім сұрады. Ол өзінің Твиттер парақшасына исламды зорлықты құптайтын дін деп жазған болатын. Жергілікті тұрғындардан кешірім сұрай отырып, саясаткер мамыр айының соңында болатын сайлау науқанында өзіне дауыс бермеуге шақырды. Ал, Консервативті партияның жергілікті төрағасы Дэвид Бишоптың мұндай көзқарасы үшін өз қатарларынан шығарғандығын мәлімдеді.

Дереккөз: Baq.kz

4 мамыр 2014, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.