Атырау, 24 желтоқсан 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жоғалған Boeing ұшағына 7 тонна белгісіз жүк артылған

1 569 рет қаралды

Жоғалған малазиялық Boeing ұшағында 239 жолаушыдан басқа тағы 7 тонна жүгі болған. Олардың бір бөлігі құжатта көрсетілмеген, деп хабарлайды The Daily Mail.

Еске сала кетейік, Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200ER әуе лайнері Малайзияның астанасы Куала-Лумпурден Бейжіңге Қытайдың China Southern Airlines рейсімен бірлесіп, бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесімен жолға шыққан болатын. Ол радар экранынан 8 наурыз Малайзия уақыты бойынша 02.40-та жоғалған. Жолаушылардың екеуі рейске басқа біреулердің төлқұжаттарымен кірген.

Негізі Boeing 777 жолаушылары қаза болған деп жарияланды: олардың туған-туыстарына әуе компаниясының басшылығы ұшақ бортында болғандардың ешқайсысы тірі қалмады деп хабарлады. Егер, шынымен лайнердің апатқа ұшырау фактісі расталса, онда бұл 2003 жылдан бергі ірі әуе апаты болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 мамыр 2014, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.