Мықты оқушы
Қызылорда қаласында өткен 1999-2000 ж.т. жас-өспірімдер мен қыздар арасында Қазақ ССР спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнирде 1-БЖСМ шәкірттері екі қола жұлде ұтып алды.
Жарысқа еліміздің барлық облысынан 380 жас палуан қатысты. Командамыздың қоржынына алғашқы жүлдені №35 мектеп-гимназияның оқушысы Исатай Абаев (60 келіден жоғары) салды. Содан кейін Исатай ауданының Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Құралай Кәнібекова (36 келіге дейін) осындай жетістікке жетті. Балаларды жарысқа облыстың жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Болатбек Сәбиев дайындады.
***
Дөрекі ойын жазаланады
Мини-футболдан Атырау қаласы Екінші лигасының жеңімпазы анықталды.
Соңғы турда «Isker» командасы 3:2 есебімен «Талғайраңды» ұтып, чемпион атанды және келесі жылы Бірінші лигада ойнау құқығына ие болды. бірінші лигаға баратын жолдамаға, сондай-ақ, 2-орын алған «Халел Досмұхамедов атындағы университет» командасы да ие болды. 3-орын мен үшінші жолдаманың иесі «Жұмыскер-Белес» және «Еркінқала» командалары арасындағы матчта белгілі болады.
Төрешілердің айтуынша, чемпионатта ең көп ескерту қағазын алған «Уорли Парсонс» пен ең соңғы орында қалған «Импульс» командалары лигадан шығарылады.
19 гол соққан «Жұмыскер-Белес» ойыншысы Нұрлыбек Мөлдірахманов чемпионаттың үздік сұрмергені атанды. Екінші орында - «Талғайраң» ойыншысы Айбек Ермеков (15 гол). Олар әр матчта гол соққан.
***
«Мұнайшы» - алғашқы чемпион
Мұз сарайында кәсіпқой спортшылар арасында хоккейден ел чемпионатымен қатар Атырау қаласының әуесқой хоккей лигасының алғашқы чемпионаты өткенін көп ешкім біле бермейтін шығар.
Жарысқа алты команда қатысты. Турнир күнтізбесі кәсіпқойлардың тұрақты чемпионатындай екі айналымнан және плей-офф матчтарынан құралды. Ойындар жексенбі күндері өткізілді. Наурыз айында плей-оффқа «Мұнайшы», «Энергетик», «Прикаспиец» және «Фантом» командалары шықты. «АМӨЗ» бен «Аджип» жартылай финалдан сырт қалды.
«Прикаспиец» және «Фантом» қола медальді сарапқа салды. «Фантомның» осыдан бірнеше жыл бұрын «Прикаспиецтің» жастар командасы ретінде құрылғанын айтып өткен жөн. Қарсыластар бір-бір жеңіске жетіп, шешуші үшінші ойында «қарттар» мықтылық танытты. Ал финалдық матчта «Мұнайшы» «Энергетикті» екі ойында да ұтып, тарихта алғаш рет қала чемпионы атанды.
Лиганың үздік ойыншылары: қақпашы - Роман Карнаухов («Прикаспиец»), қорғаушы - Евгений Манаенко («Фантом»), шабуылшы - Виктор Климов («Мұнайшы»). Атырау қаласы әуесқой лигасының көшпелі кубогы «Мұнайшы» командасының капитаны Дінмұхамед Шәріпбаевқа тапсырылды.
Атырау қаласының чемпионы мәртебесінде «Мұнайшы» мамырдың алғашқы күндерінде Орал қаласында болатын ірі халықаралық әуесқой турнирге қатысады.
***
Cоңғы сәтте жеңімпаз атанды
Облыстық «Атырау» волейбол командасының фарм клубы – «Атырау-2» – «Б» жоғары лигасының алтын медаліне ие болды.
Ұлттық лигада ойнап, чемпионатта соңғының алды болған өздерінің үлкен әріптестеріне қарағанда жергілікті ойыншылардан құрылған «Атырау-2» командасы әу бастан жақсы ойынымен көзге түсті. Төрт турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде көш бастап тұрған Хромтаудың «ТНК «Казхром-2» командасынан үш-ақ ұпай қалып тұрған. «Атырау» ДСК-нде өткен аптада болған шешуші турда «ТНК «Казхром-2», «Қорқыт-Ата КМУ», «Динамо Қостанай», «Астана Ұлан» және «Тараз ТарМУ» командаларын түгел ұтып, чемпион атанды.
Алтын медаль иеленген спортшылардың аты-жөні: Нариман Әубәкіров, Биғали Жұмағазиев, Нұрсұлтан Бимырза, Айбар Неталин, Сабыр Жетмеков, Айбат Қайырлиев, Арман Сағынбаев, Ислам Жұмабеков, Ризабек Қосанов, Айбар Нұрымов, Тұрар Садауов, Парасат Шарипов және ойыншы-жаттықтырушы Әнуар Шеркешбаев. А. Неталин чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.
***
Он бір үміт
Орал қаласына 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстанның аймақтық біріншілігіне барған 35 баланың 11-і жарыстың финалдық бөлігіне өтті.
Талантты жас боксшыларға өздерін танытуға мүмкіндік беру үшін «Батыс», «Шығыс», «Солтүстік» және «Оңтүстік» аймақтары бойынша алдын ала іріктеу кездесулері өтеді. Осы жарыстарда 1 және 2-ші орын алған спортшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алады.
Оралда Елболсын Қайреден (40 келіге дейін), Дархан Нығматуллин (46 келіге дейін), Еламан Рахметулла (52 келіге дейін), Дарын Серкебай (60 келіге дейін) жәнеАят Айтқалиев (63 келіге дейін) бірінші орын алса, Аманжол Бекболатұлы (32 келіге дейін), Мейірбек Байболов (38 келіге дейін), Асланбек Нұғмашев (41 келіге дейін), Дархан Эдуардұлы (48 келіге дейін), Альберт Набидоллаев (54 келіге дейін) және Асхат Амангелдиев (70 келіден жоғары) екінші орын иемденді. Барлығы да 16-19 мамыр аралығында Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.
***
Қала бірінші орында
Мұнай және газ институтында мектеп, колледж оқушылары мен жоо студенттері арасында дойбыдан облыстық командалық біріншілік өтті.
Жарысқа 9 команда қатысты (әр қайсысында 2 ер бала мен 2 қыз бар). Қорытындысында 1-орынды Атырау қаласы мектептерінің құрамасы, 2-орынды Махамбет ауданы құрамасы, 3-орынды инженерлік-гуманитарлық институт алды. Жеке есепте жеңімпаздар: 1-тақта – Талғат Айтжанов (АМжГИ), 2-тақта – Мұрагер Әбілхалықов (Махамбет), 3-тақта – Әйгерім Уәлитханова (АМжГИ), 4-тақта – Гүлдана Ермекова (медколледж). Қатысушылар облыстық спорт басқармасы және АМжГИ басшылығына турнирді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтады.
***
Талдықорғандағы жеңіліс
27 сәуірде футболдан ел чемпионатының 8-туры матчында «Атырау» командасы сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Алаң иелеріне гол соғуғаАтырау футболының шәкірттері, қазір «Жетісу» құрамында өнер көрсететін Бейбіт ТАТИШЕВ пен Денис РОДИОНОВ септігін тигізді. Екеуі де талдықорғандықтардың барлық шабуылдарына қатысты. Ал, ойындағы жалғыз голды бұрыштама добынан кейін Виктор КОВАЛЕВ салды.
***
Әсет Жапонияға барады
Талдықорғанда 1998-99 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан Қазақ ССР-нің спорт шебері А.Жармұханбетовті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
38 келіге дейін салмақта Асқар Есбосынов (жаттықтырушысы - Қ. Досқалиев) «алтын» алса, Мәдениет Құлманов «қола» иеленді.
Атыраулықтар осындай жетістікке Қазан қаласында болған Никип Мадьяровты еске алуға арналған әскери самбодан бүкілресейлік турнирде қол жеткізді. 52 келіге дейін салмақта Әсет Әлдешев (жаттықтырушылары - Б. Жұмабаев және Қ. Досқалиев) 1-орынға көтерілсе, 52 келіге дейін салмақта Талғат Жұмағалиев (жаттықтырушысы А. Есенғалиев, джиу-джитсу федерациясы) үшінші орын алды. Осылайша, Әсет биыл жазда Жапонияның Нарита қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғау мәртебесіне ие болды.
***
Жастар ерледі
Алматыда каратенің барлық стильдерінен (WKC нұсқасы) балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Опен Алматы» республикалық турнирі өтті.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Біздің облысымыздың намысын «Жолбарыс» спорт клубының жастар құрамасы қорғады. Өз салмақ дәрежелерінде алтын медальді Бекзат Саинов, Әли Хайролла, Татьяна Серебрякова, Марал Қосаева, Ринат Жарылғасынов жеңіп алды. Ерлер арасында командалық ката мен кумитеден Манас Темірханов, Аманғали Өтебалиев, Р.Жарылғасынов, қыздар арасында М.Қосаева, Т.Серебрякова және Ақжан Қапанова жеңімпаз атанды. А. Өтебалиев жеке кумитеде «күміс» иеленді. Әлкей Шапхатов, Аңсаған Жұмабаева, Мұхамедәли Түгелбаев, Нұрсұлтан Шабаев және А.Қапанова қолаға қол жеткізді.
***
Талдықорғандағы жеңіліс
27 сәуірде футболдан ел чемпионатының 8-туры матчында «Атырау» командасы сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Алаң иелеріне гол соғуғаАтырау футболының шәкірттері, қазір «Жетісу» құрамында өнер көрсететін Бейбіт ТАТИШЕВ пен Денис РОДИОНОВ септігін тигізді. Екеуі де талдықорғандықтардың барлық шабуылдарына қатысты. Ал, ойындағы жалғыз голды бұрыштама добынан кейін Виктор КОВАЛЕВ салды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ