14 мамырда Атырауға Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллдің рұқсатымен православтық христиандардың киелі жәдігерлерінің бірі – қасиетті Құдай ана белдігі әкелінетін болады.
Белдікті қасиетті Мәриямның өзі түйе жүнінен тоқыған деген аңыз бар. Оған қол ұшын тигізген кезде діндарлар Құдай ананың батасы мен қорғанышына ие болады екен.
–Қасиетті жәдігер Атырауға 14 мамырда жеткізіледі деп күтіп отырмыз. Успен соборында салтанатты құлшылық рәсімдері өтеді, - дейді Успен соборының настоятелі Михаил әкей. – Шамамен сағат 19.00-ден бастап діндарлар осы жәдігерге қол тигізе алады. Қазір Құдай ананың белдігінің түнгі уақытта да қолжетімді болу мәселесі қарастырылуда. Ол бізде 15 мамыр күні сағат 17-ге дейін болады да, әрі қарай Астраханға әкетіледі.
Тамара СУХОМЛИНОВА