Атырау, 27 қараша 03:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қызғалдақ және басқа гүлдер

6 081 просмотра

Осы көктемде Атырау қаласының Исатай-Махамбет алаңына, «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы айналма жолға, Сәтпаев-Құрманғазы көшелерінің қиылысына және басқа да гүлзарларға, жалпы көлемі 2400 шаршы метр жерге 240 мың қызғалдақ отырғызылды.

«Атырау Зеленстрой ЛТД» ЖШС-нің директоры Виктор ТОМЕЙЧУКТЫҢ айтуынша, қызғалдақтарды жергілікті көгалдандырушылар Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ және Бүкілресейлік агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институтымен бірлесе әзірлеген, гүлдерді патенттелген технологияны қолдана отырып отырғызды. Бұл технологиялар біздің климаттық жағдайларымызға сәйкес келеді және гүлдердің өліп қалу қаупін болдырмайды.

Сондай-ақ, биыл «Атырау Зеленстрой» қала гүлзарларын түрлі түсті басқа гүлдермен де әрлендіруді жоспарлап отыр. Кәсіпорынның жеке жылыжайында өсірілетін петуния, тагатес, цинерария және тағы басқа гүлдердің 18 түрі егілмек. 13 500 тал көшеті (шаған, үйеңкі, шегіршін, сүмбіл терек және т.б.) отырғызылмақ.

Біз көгалдандырушылардан Сәтпаев даңғылы бойындағы тірі талдарды неге қазып алып жатқандары туралы сұрадық. Мамандардың айтуынша, бұл талдар арам шырмауықпен зақымданған екен. Ал бұл паразиттермен күресудің жалғыз жолы – оны зақымданған өсімдікпен бірге күйдіріп, топырағын ауыстыру. Бұл жерлерде екі қатармен жаңа теректер бой көтермек.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.