Атырау, 27 қараша 03:17
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Украина ірімшігіне тыйым салынды

1 493 просмотра

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Сүттен жасалған тағам өнімдерін өткізу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» қаулысына сәйкес бірқатар украиналық өндірушілерге сүт өнімдерін Қазақстанға әкелуге тыйым салынды.

Бұған «Роспотребнадзор» мекемесінен келіп түскен ақпарат себепші болып отыр. Онда украиналық өндірушілердің («Ахтырский сыркомбинат», «Рось» филиалы ЖК/ЧП, «Пирятинский сыркомбинат» АҚ/АО, «Гадячсыр» ЖШҚ/ООО, «Золотошский маслодельный комбинат» ҚАҚ/ПАО, «Техмолпром» ЖШҚ/ООО) сүт өнімдерінің (ірімшіктер) құрамындағы ақуыз, май, ылғалдың салмақ үлесі май-қышқылдық құрамына сәйкес келмейтіні анықталған.

Қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Эльвира ОМАШЕВАНЫҢ айтуынша, бұл өнімнің cапасыздығын білдіреді. Сондай-ақ, бұл өнімдердің Атырау облысы аумағына да әкелінуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Осыған байланысты санитарлық дәрігерлер жергілікті тұтынушыларды сақ болуға шақырады. 

Айнұр САПАРОВА

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.